Ссылки доступа

Антониу Гутерреш - БҰҰ Бас хатшысы


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бейсенбі күні Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Гутеррешті БҰҰ Бас хатшысы етіп тағайындады.

Ол 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметіне кіріседі. БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына 193 мемлекет қатысады.

67 жастағы Гутерреш бас хатшылық қызметтегі Оңтүстік Корея өкілі Пан Ги Мунның орнына отырады. Екі мерзім хатшылық қызмет атқарған Пан Ги Мун жыл соңында отставкаға кетеді.

Гутерреш 1995-2002 жылдары Португалия премьер-министрі қызметін атқарды, ал 2005-2015 жылдар аралығында БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары болды.

XS
SM
MD
LG