Ссылки доступа

Мирзияевтің виртуалды қабылдауына бір айда 20 мыңнан астам өтініш түсті


Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевтің виртуалды қабылдауына бір айда 20 мыңнан астам өтініш түскен. Қабылдау үкіметтің gov.uz порталында ашылған еді.

Мирзияевтің виртуалды қабылдауына жауапты шенеуніктің айтуынша, өтініш жолдаушылардың дені банктерде қолма-қол ақшаның жоқтығына, ауылдарда электр қуаты мен газ берілмейтініне, сондай-ақ автосалондарда көлік сатып алу қиындығына шағымданған.

Бұған қоса тұрғындар Ташкент қаласында тіркеуге тұру мен биотөлқұжаттар алудың қиындығына арызданған. Құқыққорғаушы органдардың заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар да көп түсті.

Мирзияевтің тәулік бойы жұмыс істейтін виртуалды қабылдауына шағым түсіру үшін азаматтар 1000 немесе 0-800-210-00-00 нөмірлеріне хабарласа алады, немесе арнайы хат формасын қолдануға болады.

Бұған қоса, Facebook әлеуметтік желісінде арнайы парақша ашылған, онда Мирзияевтің виртуалды қабылдауына түскен өтініштер туралы ақпараттар, көтерілген мәселелерге қатысты қабылданған шаралар туралы мәліметтер жарияланады.

XS
SM
MD
LG