Ссылки доступа

Ресей: Тәжікстан Еуразиялық одаққа кіргенде ғана тауарға тексеру жойылады


Тәжікстан мен Ресейдің парламентаралық форумы Тәжікстан экономикасына ресейлік инвестицияның азайып кеткен кезеңінде өтіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, 2015 жылы инвестиция алдыңғы жылмен салыстырғанда 24 пайызға төмендеген.

13 қазанда Душанбеде басталған «Тәжікстан мен Ресей: аймақаралық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» деп аталатын парламентаралық форумда екі ел арасындағы экономикалық даму тақырыбы талқыланып жатыр.

Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко дағдарысқа қарамастан экономикалық байланысты күшейту мен миграция проблемасын шешу қажеттігі туындап тұр дейді. Ол екі ел арасында тауар байланысының түсіп кеткеніне өкінішін білдіріп, 2018 жылға дейін мұны қайта жандандыру керектігін көтерді.

Матвиенконың сөздеріне қарағанда, Тәжікстан көкөністі Ресейге жеткізуге дайын. Ал Ресей болса Тәжікстан ауыл шаруашылығы тауарларын делдалсыз импорттауға қызығушылық білдірген.

Бірақ Ресей федерациясы кеңесі аграрлық комитетінің төрағасының орынбасары Сергей Лисовский тәжіктің ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы жақсы болғанымен, тауарлардың транзиттік экспорттық технология талаптарына сәйкес келмейтінін айтты. Ол Тәжікстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болған жағдайда ғана арнайы дәліз құрылып, тәжік тауарларын тексеру жойылады деп атап өтті.

XS
SM
MD
LG