Ссылки доступа

Путин Сирияға ресейлік базаны мерзімсіз орналастыруды заңдастырды


Ресей президенті Владимир Путин Сирия территориясына ресейлік әуебазаны мерзімсіз орналастыру келісімін ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Бұл жөнінде Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости агенттігі хабарлайды. Алдын бұл құжатты Мемлекеттік дума мен Федерация кеңесінің мүшелері қабылдаған.

Келісімде әуебазаның Дамаскінің өтініші бойынша Латакиядағы Хмеймим әуежайында орналастырылғаны жазылған. Бұл әуе базасын Ресей ақысыз пайдаланады.

Федерация кеңесінің халықаралық комитет басшысы осыған дейін Сириямен келісім үшінші мемлекеттен қорғану үшін жасалмағанын айтқан. Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор Озеров болса Ресейдің әуебазасын орналастыру Сириядағы тұрақтылықты сақтауға арналған үлесі деп атады.

XS
SM
MD
LG