Ссылки доступа

Тәжікстанда сим-карталарды қайта тіркеуден өткізіп жатыр


Тәжікстанның мобилді компаниялар қауымдастығы сим-карталарды қайтадан тікеуден өткізу 2017 жылдың сәуір айына дейін жалғасады, бұл белсенді емес сим-карталарды анықтау үшін қажет деп мәлімдеді.

Мобилді операторлар қауымдастығының төрағасы Гафурджон Эркаев бұл бастама қызмет көрсетудің өсуімен және сим-картаны пайдалануды реттеу үшін жасалынып отыр деп түсіндіреді.

«Бұрын мобилді және NGN-нөмірлерді жалға алу арзан болғандықтан симкалар үшін операторлар компаниясы төлеп келді. Сол себептен клиенттердің екі және одан да жоғары сим-карталары болды. Енді нөмірлерді жалға алу бағасы бірден қымбаттағаннан кейін, ақыны төлеу клиенттердің өздеріне артылды. Сондықтан клиенттер саны бірден қысқарып кетті», - дейді Гафурджон Эркаев.

Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары Мансүр Умаровтың сөздерінше, 70 пайыз сим-карталар түсініксіз жағдайда жүзеге асырылған, қайта тіркеуден өткізуден бас тартқан адамдар нөмірлерінен айырылады.

Өткен жылдың аяғында Тәжікстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары (МҰҚК) парламентте тәжік сим-карталары тәліптердің қолдарына тап болды деп алаңдаушылық білдірген. Ол сол кезде 7 миллион сим-картаны қайтадан тіркеуден өткізу мәселесін көтерген.

XS
SM
MD
LG