Ссылки доступа

Қырғыздардың Қазақстанда тіркеусіз жүруі 30 күнге дейін ұзартылды


Қырғызстан азаматтары Қазақстан аумағында тіркеусіз 30 күнге дейін жүре алады. Қырғыз сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевтың көрші елге сапарында осындай келісім жасалды.

ҚР СІМ хабарлауынша, сапар аясында Қазақстан басшылығымен кездесулерде бірнеше құжат қабылданды, солардың ішінде Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарының екі ел аумағында жүру тәртібі туралы хаттамада да бар.

Хаттамаға сәйкес, Қырғызстан азаматтары Қазақстан аумағында мекен-жайға тіркеусіз 30 күн жүре алады. Бұған дейін бұл мерзім бар болғаны 5 күнмен шектелетін. Құжат екі мемлекеттің ішкі рәсімдері аяқталған соң күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG