Ссылки доступа

БҰҰ Йеменде бітім мерзімін жариялады


БҰҰ-ның Йемендегі арнайы өкілінің айтуынша, бұл елде 72 сағаттық бітім мерзімі жарияланды. Бітімді жауласушы тараптардың барлығы қолдады. Исмал Улд Шейхтің мәлімдеуінше, оқ атпау жүйесі 18 қазанда түнде күшіне енеді және сол уақытта жанжал аумағына гуманитарлық жүк жеткізуге болады.

Йемен билігі бітім мерзімі ұзартылуы мүмкін екендігін айтып отыр.

Президент Абд-Раббо Мансұр Хади бастаған қудалаудағы үкімет Таиз қаласына гуманитарлық көмек сұрады. Бұл қала бүлікші хуситтердің қоршауында қалды. Олар 2014 жылы Йемен астанасын да басып алған еді. Үкімет күштері Таиз қаласына баратын төрт жолдың біреуін ғана бақылап отыр. Бұрынғы президент Әли Абдалла Салехтің жақтаушылары - хуситтерге Иран қолдау көрсетіп келеді. Олар солтүстікте елдің жарым бөлігіне билік жүргізіп отыр.

Сауд Арабиясының көмегіне сүйенген Хади күштері жергілікті тайпалармен бірге Йеменнің қалған бөлігіне бақылау орнатты. БҰҰ мәліметі бойынша, жанжал кезінде 10 мыңға жуық адам қайтыс болды, солардың 3800-і - бейбіт тұрғындар.

XS
SM
MD
LG