Ссылки доступа

Әзімжан Асқаровқа қатысты сот ісі 25 қазанға ауыстырылды


Бүгін, 18 қазанда Қырғызстанның Шу облысында Әзімжан Асқаровтың ісіне қатысты сот процесі жалғасу керек болған. Алайда судья Кыдык Жунушпаевтың сырқаттанып қалуына байланысты отырыс 25 қазанға ауыстырылды. Бұл жөнінде облыстық сот хабарлады.

Сот отырысы әр сейсенбі күні өту керек болған. Соңғы сот отырысында Асқаров өзінің кінәсіз екенін Құранмен ант беріп, шындық детекторы арқылы тексеруді сұрады.

Мұнан бөлек Асқаровтың адвокаттары қылмыстық істі қайта тергеуге жіберіп, оны ұстау шарасын өзгертуді сұрады. Бірақ сот алқасы өтінішті қабылдамады.

Асқаров Базар-Қорған ауданында құқық қорғаушы болып жұмыс істеді. 2010 жылы маусым оқиғасынан кейін ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, милиция өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

Соттың барлық сатыларының үкімі бойынша ол өмір бойы түрме жазасына кесілген. 2016 жылдың сәуір айында БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитеті Қырғызстан билігінен Асқаровқа қатысты барлық сот шешімдерін жойып, оны босатуды талап етті.

XS
SM
MD
LG