Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек шекарасындағы даулы жерді үкімет деңгейінде шешуге шақырады


Қырғыз-өзбек шекарасындағы даулы жер мәселесін үкімет деңгейінде шешуге шақырады Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Әбдірахман Маматалиев.

Әбдірахман Маматалиевтің айтуынша, даулы мәселені екі елдің жұмыс тобының деңгейінде қалдырған дұрыс емес, олардың бірқатар сұрақтарды шешуге өкілеттігі жоқ.

«Үкімет деңгейінде кездесулер болған дұрыс. Жұмыс тобы тек өткен кездесулерде қаралған мәселелерді талқылайды. Екі елдің де шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелеріне қатысты премьер-министрдің орынбасарлары бар. Жұмыс тобына солар қатысу керек», - деп есептейді Маматалиев.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың жақсарғаны байқалады. Олар шекараны реттеу мәселесіне қатысты үшінші кездесулерін өткізді.

Қырғыз-өзбек шекарасының жалпы көлемі - 1378 км, оның 320 шақырымы әлі нақтыланбаған. Сол себептен бұл аймақтарда әртүрлі жанжалдар орын алып отырады.

XS
SM
MD
LG