Ссылки доступа

Ресейдің Тергеу комитеті басшысын психиатриялық бөлімге жатқызды


Қылмыс әлемінің беделдісі Шакро Молодойдан пара алды деген күдікпен айыпталып отырған Ресейдің Тергеу комитеті меншік қауіпсіздігі басқармасының басшысы Михаил Максименконы Бутырск түрмесінің психиатриялық бөлімшесіне ауыстырды.

Мәскеудің қоғамдық бақылау комиссиясының төраға орынбасары Ева Меркачева "Интерфакске" Максименко 15 келіге арықтағанын, әрең жүріп, әрең тұратынын, қолына қалам ұстай алмайтынын айтқан.

Максименконың денсаулығы күрт нашарлап кетті деген ақпарат қазан айының басында пайда болды. Айыпталушы басының қатты ауыратынын айтып шағымданған. Генералдың бұрынғы әріптесі, коррупциялық істің фигуранты болып отырған Денис Никандров құқық қорғаушыларға бірер апта бұрын Максименконы "ФСБ өкілдері алып кеткенін" айтқан. Оның пайымдауынша, суына психотроптық ұнтақ қосып беруі мүмкін.

Никандров Максименко ФСБ-дан келгеннен кейін өзінің атының кім екенін, біздердің кім екенін танымады дейді.

XS
SM
MD
LG