Ссылки доступа

Адвокат Еровқа "сотты сыйламады" және "билікке тіл тигізді" деген айыптар тағылды


Тәжікстанның бас прокуратурасы сотталған адвокат Бузургмехр Ёровқа қарсы "Сотты сыйламау" және "Билік өкілдеріне тіл тигізу" баптары бойынша жаңа іс қозғады.

Бұған дейін Еров пен оның әріптесі Нұриддин Махкамов ұлттық, нәсілшілдік араздық туғызды және конституциялық құрылымды өзгертуге шақырды деген айыптар бойынша 23 және 21 жылға сотталған болатын.

Адвокаттың әпкесі Хосият Ерованың айтуынша, Бузургмехр мен мемлекеттік айыптаушы Рүстем Такдирзода 29 қыркүйекте ақырғы сот тыңдаулары кезінде сөзге келіп қалуына орай, адвокатқа қарсы жаңа іс қозғалды.

Мемлекеттік айыптаушы бұл мәлімдемеге қатысты ештеме деген жоқ, ал Душанбе қалалық сотының өкілі жаңа іс сотқа әлі түспегенін айтты. Адвокаттың кінәсі дәлелденген жағдайда, ол тағы 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG