Ссылки доступа

Баптист Каныгүлдің денесі үшінші мәрте жерленді


Қырғызстанның Ала-Бөкен ауданында 76 жастағы Каныгүл Сатыбалдиеваның денесін басқа орынға жерледі. Марқұм христиандық баптистік дін ұстанғандықтан, мүрдеге мұсылман және христиан зираттарынан орын табылмады. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Калчабу Үсенбаева хабарлады.

Оның айтынша, дүйсенбі күні кейбір ауыл тұрғындары оның христиандық зиратқа жерленуіне қарсы шықты. Осыдан соң жергілікті билік мүрдені басқа орынға жерлеуге мәжбүр болды.

Үсенбаеваның айтуынша, осы жағдайға орай жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, 13 қазанда қайтыс болған Сатыбалдиеваны мұсылман зиратына жерлеген, бірақ Сары-Талаа ауылының тұрғындары оған қарсы шықты. Кейін мүрдені христиандық зиратқа жерлеген, бірақ олар да марқұмның бұл дінді ұстанбағанын айтып қарсылық білдірді.

Марқұмның туыстарының айтуынша, мүрдені мұсылман зиратынан жергілікті имамдардың айтуы бойынша қайта қазып алған.

XS
SM
MD
LG