Ссылки доступа

Спорт министрлігі Грозныйдағы балалар төбелесін "заң бұзу" деп таныды


Шешенстан республикасында аралас жекпе-жекке балаларды қатыстыру - ММА ережесін бұзу, деп мәлімдеді Ресейдің спорт министрінің орынбасары Павел Колобков.

Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың он жастағы баласы 4 қазанда Грозныйдағы аралас жекпе-жек турнирінде қарсыласын 14 секундта нокаутпен жеңді. Қадыровтың тағы екі баласы - Эли (9 жас) мен Адам (8 жас) 27 және 35 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте жеңіске жетті. Кейін Ресей ММА Одағының басшысы Федор Емельяненко балалар төбелесін сынап, ММА ережесі бойынша 12 жасқа дейінгі балаларды мұндай жарыстарға қатыстыруға тыйым салынғанын айтты.

Спорт министрлігі Шешенстанда балалар қатысатын мұндай жарыстарды өткізбеу туралы хат әзірледі. Онда шешен спорт министрлігініе осы тәріздес жарыстарды келісіп отыруын сұраған.

Дегенмен министрдің орынбасары федералдық мекеменің балалар төбелесін ұйымдастырғандарды жазалайтын құзыреті жоқ екенін атап өтті.

Grand Prix Akhmat-2016 аралас жекпе-жек жарысын ұйымдастырушылар бұның көрсетпе жарыс екенін алға тартты.

XS
SM
MD
LG