Ссылки доступа

Прагада АҚШ сайтына кибершабуыл жасады деген күдікпен ресейлік ұсталды


Прагада АҚШ сайтына кибершабуыл жасады деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды. Бұл жөнінде чех полициясы хабарлайды. Ресейліктің аты-жөні айтылмайды, бірақ оған Интерпол іздеу жариялаған.

Хабарламада Чехияның қылмыстық полицияның тергеу бөлімі АҚШ-тың федералды тергеу бюросымен (ФБР) бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында ұстау операциясы сәтті өтті делінген. Оны тұтқындау туралы Прага қалалық соты шешім шығарған.

Ресейлік азамат Прага орталығындағы қонақ үйлердің біріндегі мейрамханада ұсталған. Полицияның келуін күтпеген ол, есінен танып қалған. Ұсталған күдіктіге медициналық қызмет көрсеткен.

Енді Чехия соты күдікті ресейлікті АҚШ-қа экстрадициялау мәселесін шешу керек. Бұл іске қатысты әзірге Ресей билігі түсініктеме бермеді.

Қазан айының басында АҚШ үкіметі президенттік сайлау барысында Демократиялық партияның кеңсе компьютерлеріне хакерлік шабуыл жасады деп Ресейді ресми айыптаған. Дау DCLeaks және WikiLeaks сайтында жарияланған америкалық саясаткерлердің электронды хаттарына қатысты. Мәскеу айыптарды теріске шығарды.

XS
SM
MD
LG