Ссылки доступа

Тәшкентте қырғыз-өзбек ынтымақтастығы бағдарламасына қол қойылды


Тәшкентте 2016-17 жылдарға арналған қырғыз-өзбек сыртқы істер министрлерінің ынтымақтастығы бағдарламасына қол қойылды. Бұл жөнінде Өзбекстанның СІМ хабарлайды.

Онда 19 қазанда Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Тәшкентте өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымы кеңесінің 43-сессиясына қатысуға келген Қырғызстанның сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті деп жазылған.

Кездесу барысында қырғыз-өзбек қарым-қатынасының екі жақты және көп жақты форматтағы өзекті мәселелері талқыланған. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты арттыруға қызығушылық білдірген.

Кездесу соңында ынтымақтастық жөніндегі бағдарламаға қол қойған.

XS
SM
MD
LG