Ссылки доступа

Өзбекстанда қарулы адам тұрғындарға оқ атқан


Өзбекстанның Қашқадария облысы Шахрисабз қаласында түрмеден шыққан адам 58 жастағы ер азамат пен оның екі ұлына қарсы оқ атқан.

42 жастағы Батыр Хакимов тапаншасымен қаладағы базардың дүкендерінің біріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 58 жастағы Абдували Каюмов пен 29 және 33 жастағы ұлдары Жасур мен Жамшидке қарсы оқ атқан. Зардап шеккендерді жедел жәрдеммен қалалық ауруханаға жеткізген.

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, адам өлтіргені үшін үш рет түрмеде отырып шыққан Батыр-қара деген лақап атымен белгілі азамат базарда жұмыс істеп жатқандарға қолын жуу үшін су сұраған.

Алайда жәбірленушінің біреуі су жоқ, қолыңды арықтан жу жеп жауап берген. Содан екеуінің арасында дау туған. Әкесі мен балалары Батыр-қараны күрекпен ұрған. Сол кезде ол көлігіне жүгіріп барып тапанша алып, оларға қарсы оқ атқан.

Ауруханада олардың жағдайлары орташа деп бағаланады.

Батыр Хакимов қамауға алынған, оған қарсы тергеу істері жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG