Ссылки доступа

Қырғызстанда Конституцияның түпнұсқасын іздеп жатыр


Қырғызстан парламентінің депутаттары "Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдум күнін белгілеу туралы" заң жобасын талқылау кезінде, Конституцияның түпнұсқасы қайда деген сауал қойды.

Қырғызстанның әділет министрі Жылдыз Мамбеталиева өзі басқаратын мекемеде Конституцияның тек көшірмесі бар екенін айтып, түпнұсқасы президент әкімшілігінде болу керек деп жауап берді.

Президенттің парламенттегі уәкілетті өкілі Молдакун Абдылдаев президент әкімшілігінде Конституцияның негізгі нұсқасы жоқ деп мәлімдеді. «Қайда екенін білмеймін, сұрастырмадым, бұл мәселе таяуда ғана көтерілді», - деп мәлімдеді ол.

Депутат Наталья Никитенко елдің Ата заңының түпнұсқасы қайда екенін ешкім білмесе, онда осыған дейін Қырғызстан қандай Конституцияны негізге алып келді деп мәселе көтерді.

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры, депутат Аида Салянова Ата заңның түпнұсқасын табу туралы арнайы комиссия құруға шақырды. Оның сөздерінше, түпнұсқаны таппай, өзгерістер енгізу туралы сөз айту мүмкін емес.

XS
SM
MD
LG