Ссылки доступа

Сириядағы тәжіктерді дуаның күшімен елге қайтаруға уәде берген тәуіптер ұсталды


Тәжікстан ІІМ-нің хабарлауынша, Шахринава қаласында халықты алдап келген екі тұрғын ұсталды. Күдіктілер Сирияға кеткендерді дуаның күшімен елге "қайтаруға" уәде беріп келген.

56 жастағы Ризокул Дустмуродов пен 43 жастағы Фатхиддин Саймиддиновке заңның алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Министрлік мәліметі бойынша, екеуі де Тәжікстанда тыйым салынған Ислам қайта өркендеу партиясының мүшесі делінеді.

Құқыққорғау мекемесінің хабарлауынша, Фатхиддин Кори жергілікті тұрғын Мурод Саидмуродовтан алаяқтық жолмен қомақты ақша алған. Тәуіптер оған Сириядағы бауырын қайтаруға уәде берген. Бұған қоса, тәуіптерге сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасап, есірткі қолданды деген айыптар тағылды.

Министрлік мәліметі бойынша, күдіктінің үйін тінту кезінде діни кітаптар, дуаға қажетті заттар мен есірткі табылған.

Өткен жылдың қыркүйегінен бері Тәжікстанда дуагерлікке қылмыстық жаза белгіленді. Дуамен айналысқандар жеті жылға дейін сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG