Ссылки доступа

Мосулда RFE/RL тілшісі ауыр жараланды


Мосулда минаның жарылуынан Азат Еуропа/Азаттық (RFE/RL) радиосының штаттан тыс тілшісі Расул Махмуд ауыр жараланды.

Расул Махмуд Ирактағы Фарда радиосында "Ислам мемлекеті" террористік тобына қарсы әскери кампания жөнінде хабар таратып келді. Ол радикалды исламшылдардың күрд және ирак армиясына қарсы шабуылы кезінде бірнеше жерінен жарақат алды. Қазір Эрбилдегі ауруханада ем қабылдауда.

"Әріптесіміздің ауыр жараланғаны көңілімізді құлазытады. Расул — өжет адам әрі тамаша репортер, біз оның отбасын қолдау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Азат Еуропа/ Азаттық радиосының президенті Томас Кент.

Махмуд редакцияға соғыс алаңынан видео- және фотоматериалдар жіберіп, сұхбаттар жүргізіп тұрды. Махмудтың Фарда радиосындағы хабарларын CNN, Time журналы, USA Today газеті және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланды.

Фарда радиосы Мамуд үшін және оның отбасына жәрдем беру кампаниясын өткізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG