Ссылки доступа

Өзбек адам құқығын қорғаушылар түрмедегі әріптесімен кездесті


На фото (слева напрво): Председатель общества прав человека «Эзгулик» Василя Иноятова, политзаключенный Ганихон Маматхонов и журналист Абдурахман Ташанов. Колония 64/33, 22 октября 2016 года.
На фото (слева напрво): Председатель общества прав человека «Эзгулик» Василя Иноятова, политзаключенный Ганихон Маматхонов и журналист Абдурахман Ташанов. Колония 64/33, 22 октября 2016 года.

"Эзгулик" адам құқығы қоғамының төрағасы Василий Иноятов пен журналист Абдурахман Ташанов өзбектің 64/33 колониясында отырған әріптесі Ганихон Маматхоновпен кездесті.

Ташановтың айтуынша, бұл кездесу 22 қазанда өтті. "Қартайған әрі ауырыңқырап жүрген Ганихон бізді жылап қарсы алды", - деді журналист.

Кездесу қарсаңында колония басшылығы адам құқығын қорғаушыларды күнделікті тамақ, жатын орын, жазасын өтеушілердің күн тәртібімен онлайн видеокамера арқылы таныстырды. Иноятовтың айтуынша, "жазасын өтеушілердің жағдайы біршама жақсарған". Бұны Ганихон да растады.

Ферғаналық Ганихон Маматхонов 2009 жылы 10 қазанда алаяқтық және пара беру қылмысы үшін ұсталды. Ол алты жылға сотталды. Кейін сот оның үкімін бірнеше мәрте өзгертіп, жаза мерзіміне 2 жыл қосып берді. Маматхоновтың әріптестері және халықаралық ұйымдар адам құқығын қорғаушының кінәлі еместігіне сенімді, олар Маматхоновты кәсіби қызметі үшін соттады деп есептейді.

XS
SM
MD
LG