Ссылки доступа

Қырғызстанда Конституция түпнұсқасының жоғалуына "кінәлілер" анықталды


Қырғызстан президенті аппараты республика Конституциясының жоғалуы төңірегіндегі жағдайға қатысты мәлімет таратты. Басты заңның жоғалуына Конституцияны 2010 жылы әзірлеушілер - "Ата мекен" жетекшісі Өмірбек Текебаев және Уақытша үкіметтің басқа да мүшелері кінәлі, делінген баспасөз хабарламасында.

Хабарлама бойынша, 2010 жылғы референдумда қабылданған Қырғыз Республикасының Конституциясына қол қою қажет емес болған. "Яғни Ата заң мәтініне кімдер жауапты екені көрсетілмеген", - делінген хабарламада.

"Жауапкершілікті Уақытша үкімет арқалайтыны түсінікті. Нақтырақ айтқанда, Текебаев жауапты тұлға ретінде, референдумнан соң Конституцияның түпкілікті нұсқасын ресми түрде заңдастыру жолдарын көрсетуі керек еді. Дегенмен 2010 жылғы Конституцияны әзірлеушілер бұны ескермеген...", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Президент аппаратындағылар елдің қандайда бір ресми тұлғаның қолы қойылмаған Конституция нұсқасымен өмір сүріп жатқанын атап өтті. Конституция жобасының түзетілген нұсқасы 2010 жылы 27 мамырда "Эркин-Тоо" газетінде жарияланған.

XS
SM
MD
LG