Ссылки доступа

Атамбаев Өзбекстанға Қамбар-Ата ГЭС-ін бірігіп салуды ұсынады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қамбар-Ата ГЭС-інің құрылысын Өзбекстанмен бірігіп салу тиімді деді. Ол бұл жөнінде журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

«Қамбар-Ата ГЭС-і жобасы бойынша Өзбекстанмен бірігіп жұмыс істеген біз үшін ең тиімді, олардың құрылтайшы құрамында болғаны жақсы», - деді Атамбаев. Оның сөздерінше, 5-6 ГЭС жобасымен жұмыс істеу керек, ал Жоғарғы нарын каскады ГЭС-і бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Қырғыз президенті 2013 жылы Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовпен әңгіме болғанын, сол кезде ол бұл жобаны саяси жоба деп атағанын еске салды. «Қамбар-Ата ГЭС-1 бойынша Қазақстан да жобаға кіруге дайын», – деді ол.

Қырғыз басшысы аталған жоба Өзбекстанға және Қырғызстанға тиісті көлемде су береді, ал Қырғызстан құрылысқа инвесторлар табады деп атап өтті.

«Бізге мүмкіндігінше күдік болмауы үшін жобаны Өзбекстанмен бірігіп салуымыз керек. Мен бізбенен сенімді қарым-қатынасты жалғастырып жатқан Шавкат Мирзияев президент болып сайланады деп үміттенемін. Ал мен үкіметке айтып шаршадым, бізге Қара-Кечин жылу электр станциясының құрылысына бағдарлауымыз керек. 50 жылдан кейін көмірді пайдалануға тыйым салады. Қорықпау керек, шешім қабылдау керек, бұл жөнінде премьер-министрмен сөйлестік», – деді ол.

XS
SM
MD
LG