Қырғызстан мен Қазақстаннан көкөніс тиелген жүк Новосибирскі нарығына жеткізілмек болған. 9,842 тоннасы алма, лимон, қияр, күріш, өрік, жаңғақ секілді өнімдер құжатсыз келген делінеді.
Ал Қырғызстаннан келген 21,5 тонна кептілірген жемістер арнайы сертификатқа сәйкес келмейді делінген.
Аталған азық-түлік өнімдері Ресейге кіргізілуге тыйым салынып, Қырғызстан мен Қазақстанға кері қайтарылған.
Бұл Ресей ауыл шаруашылығы бақылау қызметінің қырғыз ауыл шаруашылық өнімдерін еліне кіргізбеуі бірінші оқиға емес.