Ссылки доступа

Назарбаев ресейлік вице-премьермен Байқоңырды дамыту мәселесін талқылады


Қазақсан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей үкімет басшысының орынбасары Дмитрий Рогозинмен Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы ресми баспасөз хабарлады. Кездесуде Назарбаев пен Рогозин қорғаныс және қарулану мәселелерін де сөз еткен.

"Қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорын құру мәселесін біз бұған дейін де талқылағанбыз. Ол үшін бізде жеке министрлік құрылды", - деді Назарбаев.

Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы бірыңғай кешенге кіреді, оны Ресей 2050 жылға дейін жалға алған.

Қазақстанда қазан айының басында қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Оның басшысы ретінде бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Бейбіт Атамқұлов тағайындалды.

XS
SM
MD
LG