Ссылки доступа

АҚШ Сирия оппозициясына зенит-зымыран тасығышын жеткізбейді


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонер 27 желтоқсанда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Құрама Штаттар Сирия оппозициясына зенит-зымыран тасығыш комплексін жеткізуді ойлап отырған жоқ деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме Ресей АҚШ-ты сириялық оппозицияға зымыран тасығышты жеткізу қаупі бар, бұл қару жиһадшылардың қолына түсуі мүмкін деп айыптаған соң жасалды.

Тонердің сөздерінше, бұл АҚШ тарапына айтылып жатқан жаңа айыптаулар емес. Бірақ АҚШ ешқандай зымыран тасығышты әлдекімге, соның ішінде Сирия оппозициясына жібермейді деді.

"Бұған дейін де осы секілді айыптауларды естіп келдік. Зенит-зымыран тасығыш комплексіне қатысты біздің ұстанымымыз өзгермеді. Егер аталған қару Сирияға жетер болса, біз қатты алаңдайтын едік," - деп мәлімдеді Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің өкілі.

Осының алдында Ресейдің сыртқы істер министрлігі Барак Обама қол қойған АҚШ-тың қорғаныс бюджеті туралы заңда көрсетілгендей, Сирия үкіметіне қарсы отрядқа қару жеткізер болса, Сирияда жаңа құрбандар саны артуы мүмкін деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG