Ссылки доступа

Қазақстанда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев ұсталды


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев және бірқатар шенеуніктер мемлекеттік құпияны жария етті, лауазымды қызметтерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

ҰҚК-нің хабарлауынша, Нартай Дүтбаев пен Нұрлан Хасен және Ерлан Нұртаев қылмыстық кодекстің 185-бабының 3-бөлімі («Мемлекеттік құпияларды жария ету») мен 362-бабының 3-бөлімі («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») бойынша күдікке ілініп, 2016 жылдың 26 желтоқсанында ұсталған.

Нартай Дүтбаев ҰҚК-ні 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың 22 ақпанына дейін басқарды. Ол 2006 жылы оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне бұл комитеттің арнайы жасағының қатысы бары мәлім болған соң қызметінен кеткен.

XS
SM
MD
LG