Ссылки доступа

Өзбекстанда мақтаны мажбүрлеп тергізген басшылар жазаланды


Биылғы мақта жинау маусымының нәтижесінде (19 қыркүйектен 31 қазанға дейін) қызметкерлер мен 18 жасқа толмаған балаларға мақта тергізген 3 мектеп директоры, 2 колледж директоры, 2 шаруашылық басшысы және 1 емхананың бас дәрігері әкімшілік жазаға тартылды.

Жергілікті БАҚ-тың Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 4,7 млн сом болды. Еңбек министрлігінің мемлекеттік құқық инспекциясына түскен 30 арыз бойынша зерттеу жүргізіліп, солардың 17-і бойынша шара қолданылды, қалған арыздарға қатысты құқық бұзушылық анықталмады.

Мемлекеттік құқықтық инспекция бала еңбегі мен мәжбүрлеп жұмысқа тартуды болдырмауын қадағалайды. Инспекция осыған орай 14 заң бұзушылық анықтап, мектеп және колледж директорлары мен мекеме басшыларын жазалады.

Халық біліп жүрсін деп республикада 500-ден астам баннер орнатылды. Халықаралық еңбек ұйымының кеңесі бойынша, биыл бала еңбегін пайдалануды болдырмау үшін мониторингті тәуелсіз қоғамдық ұйымдар жүргізді.

XS
SM
MD
LG