Ссылки доступа

Қырғыз парламентінің вице-спикері Тайваньға барғаны үшін қызметтен кетті


Жогорку Кенеш вице-спикері Нұрбек Әлімбеков қызметінен кетті. Бұл туралы ол 28 желтоқсанда парламент отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл желтоқсан айында ол жеке жұмыстарымен Тайваньға барып қайтқан. Бұған дейін де ол екі мәрте шетелге шыққан. Депутаттың айтуынша, сапар шығынын халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті көтермеген. Әлімбеков Тайвань билігінің ресми өкілдерімен кездескенін, бірақ қандайда бір құжат талқыламағанын айтты.

«Бұл сапарлардың Қырғызстанның сыртқы саясатына ешқандай қатысы жоқ. Бізге Қырғызстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына көңіл бөлу керек», - деді ол.

Еске салайық, 2017 жылы қаңтардың басында Қырғызстан президенті Қытайға ресми сапармен барады.

XS
SM
MD
LG