Ссылки доступа

Қазақстан үкіметінде министрлер ауысты


Қазақстанның сыртқы істер министрі болып Қайрат Әбдірахманов тағайындалды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Президент жарлығымен Ерлан Ыдырысов "басқа қызметке ауысуына байланысты" осы қызметтен босатылды.

Қайрат Әбдірахманов бұған дейін үш жыл бойы Қазақстанның БҰҰ-ның тұрақты өкілі болып жұмыс істеді. Ерлан Ыдырысов 2012 жылдың қыркүйегінен бері сыртқы істер министрі болып істеді.

Қазақстанның ұлттық экономика министрі болып Тимур Сүлейменов тағайындалды.

Осы министрлікті бұған дейін Қуандық Бишімбаев басқарған еді.

XS
SM
MD
LG