Ссылки доступа

АҚШ Қазақстан азаматтарына 10 жыл мерзімге виза береді


Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, биылғы жылдың 29 желтоқсанынан бастап Қазақстан азаматтары АҚШ-қа 10 жыл мерзімге бірнеше рет баруға болатын виза ала алады.

«Іскерлік және туристік визаларды он жылға алу Қазақстан және Америка азаматтарына көп уақытын виза алуға жібермей, бірден сапарларын жоспарлауға мүмкіндік береді», — деп сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдың сөздеріне сілтеме жасайды.

Он жыл мерзімге берілетін іскерлік, туристік визаның құны - 160 АҚШ доллары.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де АҚШ азаматтарына он жыл мерзімге виза беруді қарастырып отыр. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанға 30 күнге дейін келетін АҚШ азаматтарына виза қажет етпейді.

XS
SM
MD
LG