Ссылки доступа

Қырғыз президент әкімшілігінің экс-жетекшісі сот залынан босап шықты


Бішкектің экс-әкімі Нариман Тюлеев отбасынан ақша бопсалады деп айыпталған Қырғыз президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Данияр Нарымбаев сот залынан босап шықты.

29 желтоқсанда Бішкектің Бірінші май аудандық соты экс-шенеунікті мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығару жөнінде шешім қабылдады. Бұл жөнінде Нарымбаевтың туыстары хабарлады.

2015 жылдың 27 қарашасында Бішкектің Бірінші май аудандық соты Нарымбаевқа 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарған. Онымен бірге бұрынғы парламент депутаты Хажымурат Коркмазов бір жарым жылға сотталған.

2016 жылдың 24 мамырында Бішкек қалалық соты бірінші инстанция шешімін күшінде қалдырған.

2015 жылдың 15 шілдесінде Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 100 мың доллар пара алып тұрған жерінен Хажымурат Коркмазовты ұстаған. Тергеу ісі бойынша, ол Бішкектің бұрынғы әкімі Нариман Тюлеевтің отбасынан оған қозғалған қылмыстық істің жабылуына көмектесемін деп 200 мың доллар сұраған. Коркмазовпен бірге іске қатысы бар деген күдікпен Нарымбаев та ұсталған.

XS
SM
MD
LG