Ссылки доступа

Түркіменстан президенті шенеуніктердің балаларына арнап ән айтты (видео)


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов екі немересімен бірге америкалық танымал әнші Джастин Тимберлейктің репертуарындағы "Can't Stop the Feeling" әнін орындады.

Түркіменстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы 28 желтоқсанда ел астанасының орталық алаңында орнатылған бас шырша алдында болған жаңа жылдық қойылымға барған.

Бердымухамедов ондағы балаларға арнап Жаңа жылға қарсы жылы тілегін жеткізген.

Осыдан кейін ол елдің жоғары лауазымды шенеуніктердің балаларына арналып өткізілген жаңа жылдық шараға қатысу үшін Сауда-өндірістік палатаға барған.

Шығармашылық байқау кезінде президенттің екі немересі өнер көрсеткен. «Олар билеп, ағылшынша ән орындады. Мемлекет басшысы оларға қосылып ән айтты», - делінген хабарламада.

Гурбангулы Бердымухамедовтің Сердар есімді бір ұлы, үш қызы және төрт немересі бар. Ол Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG