Ссылки доступа

Санкт-Петербургтен Душанбеге 160 жолаушы ұша алмады


160-қа жуық жолаушы Ресей мен Тәжікстан арасындағы әуе байланысына қатысты келіспеушіліктің кепіліне айналды. Олардың көбі әлі Санкт-Петербургтің "Пулково" әуежайында Душанбеге ұшатын ұшақты күтіп жүр.

Душанбеге ұша алмай қалған жолаушының бірі Абуали есімді азамат «Орал әуежолдары» рейсімен түнгі сағат 22-00-де ұшу керек болғанын, бірақ жолаушыларға билеттеріңді өткізіңдер деп хабарлағанын айтады.

Мәскеудегі Тәжікстан елшілігі Санкт-Петербург-Душанбе рейсін алып тастағанынан хабардармыз дейді. Бірақ елшіліктің баспасөз хатшысы Сарвар Бахти себебін білмейміз дейді. "Тәжікстанның құрметті консулы қазір Санкт-Петербургте, әуежайда. Ол оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр", - деді тәжік дипломаты.

Тәжікстан ресейлік «Ямал» әуе компаниясына 2016-2017 жылдары қыс мезгілі кезінде «Жуковский» әуежайынан Тәжікстанға ұшақ ұшыруға қарсылық білдіргеннен кейін Мәскеу мен Душанбе арасында келіспеушілік орын алды. Өткен аптада екі тарап арасында өткен келіссөз нәтижесіз аяқталған.

XS
SM
MD
LG