Ссылки доступа

Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!


Орталық Азия Жаңалықтар Қызметі әріптестері мен жазылушыларын шын жүректен келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтайды!

Құрметті әріптестер, достар!

Орталық Азия Жаңалықтар Қызметі командасының атынан Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Өтіп бара жатқан 2016 жыл бойында бізбенен бірге болғаныңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! 2016 жылы біздің жазылушылар саны 1000-нан асты және 600-ден астам белсенді әріптесіміз бар. Бірақ ең бастысы, Сізбенен арамызда кәсіби біліктілік пен түсіністікке негізделген жылы қарым-қатынас орын алды.

Дәстүр бойынша Жаңа жылды жаңа бастаулармен, идеялармен және үміттермен байланыстырамыз. Біз шын жүректен Сіздердің армандарыңыз бен мақсаттарыңыздың орындалғанын қалаймыз. Өтіп бара жатқан жылдың жақсы кездері 2017 жылы да жалғасын тапсын. Атқарған жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер. Аспанымыз ашық, жаңалықтар жағымды бола берсін!

Осы сәтті пайдалана отырып, әріптестеріміз бен достарымызға бізбенен қарым-қатынас орнатып, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Келесі жылы да Сіздермен бірге боламыз деген үміттеміз!

Құрметпен Орталық Азия жаңалықтар қызметі!

XS
SM
MD
LG