Ссылки доступа

Сирия үкіметі армиясы 30 желтоқсаннан бастап оқ атуды тоқтатады


Сирия үкіметінің армиясы 30 желтоқсан сағат 00-ден бастап оқ атуды тоқтатады.

SANA Сирия мемлекеттік агенттігі жариялаған мәлімдемеде бітім шартының "Ислам мемлекеті", Джабхат Фатах аш-Шам" (бұрынғы ән-Нусра майданы") секілді террористік ұйымдарға және олармен байланысы бар топтарға қатысы жоқ екені айтылады.

Өткен бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Дамаск пен қарулы оппозиция арасында соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келгені жөнінде мәлімдеген.

Путин сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуде Сирияда ресейлік әскер санын азайтуға келіскенін де хабардар етті.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкара мен Мәскеу жаңа жылға дейін Сирияда бітімгерлік орнатуға тырысып жатқанын және оған кепіл болуға дайын екенін мәлімдеген. Чавушоглу Сирия аумағынан ирандық шиит тобы "Хезболлахтан" бастап барлық шетелдік әскер кету керек деді. Бірақ соған қарамастан ол Түркия Башар Асадпен келіссөз жүргізуге ниетті емес екенін атап өтті.

XS
SM
MD
LG