Ссылки доступа

Украина Донбас сепаратистерінің 15 адамын босатты


Украина 29 желтоқсанда өздерін өздері жариялаған Донецк пен Луганск республикасына 15 адамын – 9 ер азамат және 6 әйелді берді. Олардың ішінде қатты ауырып жатқандар да бар.

15 адамның бәрі Украина тұтастығына қол сұқты, заңсыз қару-жарақ жасады деген айыппен сотталғандар. Оларды Донбасқа Майорск бақылау-өткізу бекеті (Донецк облысы) жанында тапсырды. Киевтің мәлімдеуінше, "ДХР" және "ЛХР" арасында тұтқындарды алмастыруды тездету мақсатында аталған адамдарды бостандыққа шығарған.

27 желтоқсанда сепаратистер украиндық "Офицерлік корпус" тұтқындарды босату орталығының жетекшісі Владимир Рубан мен екі украин азаматы Апелляциялық соттың судьясы Мариуполя Анжелика мен журналистер Пресняков пен Ольга Своракты босатты. Рубанның сөздерінше, өздерін 7 желтоқсанда Минскіде өткен Жоғарғы Рада депутаты Надежда Савченкомен келіссөзден кейін босатқан. Бұл күні Савченко Беларусь астанасында "ДХР" және "ЛХР" лидерлері Александр Захарченко мен Игорь Плотницкиймен құпия кездескен. Осы кездесу үшін Савченконы Жоғарғы Раданың "Батькивщина" фракциясынан шығарды.

Украина қауіпсіздік қызметінің ақпараты бойынша, Донбас аумағында 109 украин азаматы тұтқында отыр. Өздерін өздері жариялаған "ДХР" мен "ЛХР" болса "бәрі барлығы үшін" формуласы бойынша 690 серіктесін қайтарған жағдайда 47 украиндықты босатамыз деген талап қойды. Олардың ішінде Украинада ауыр қылмыстары үшін сотталғандар да бар. Ресми Киев сепаратистердің бұл талаптарының орындалуы мүмкін емес дейді.

XS
SM
MD
LG