Ссылки доступа

Ақтөбеде аналардың дағдарыс орталығы ашылды


Ақтөбе қаласында дағдарыс орталығы ашылғанын бейсенбі күні жергілікті билік хабарлады. 200 адамға арналған орталыққа отбасында жәбір көрген аналар мен балаларды орналастырылады. Дағдарыс орталығында алты ай тұруға болады.

Жобаны жекеменшік "Ақ-Руно" компаниясы мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырды. Жергілікті меценат Асқарбек Мамырбаевтың айтуынша, көмекке зәру адамдар осы жоба арқылы психологтардың, социологтардың және заңгерлердің кеңесін тегін алады.

Ресми мәлімет бойынша, жыл сайын Ақтөбеде шамамен төрт мыңға жуық әйел күйеуінен зорлық көреді.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің әйелдерді қорғау ісі жөніндегі инспекторы Марина Нұрымжанованың айтуынша, тәулігіне әйелдерден отбасындағы зорлыққа қатысты төрт-бес шағым түседі.

XS
SM
MD
LG