Ссылки доступа

Тәжікстанда абақтыдан шыққандар ИМ-ге байланысы бар деген күдікпен тергелген


Тәжікстанның ІІМ мен Бас прокурасы Дусти ауданының 8 тұрғынын абақтыдан босатты. Олар Сириядағы әскери қимылдарға жалданған деген күдікпен ұсталған. Қамаудан босағандар тоғыз ай абақтыда отырғандарын айтты.

Биыл наурыз айында тәжік полициясы Каджбед, Кулобод, Зафаробод қышлақтары мен Дусти қыстағының 32 тұрғынын Сириядағы әскери қимылдарға қатысты деген күдікпен ұстады. Кейін 24 адам босатылды.

Тәжікстан Бас прокуратурасының бір қызметкерінің хабарлауынша, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының эмиссарлары Ресейде жұмыс іздеп жүрген Дусти ауданының сегіз тұрғынын алдап Сирияға жіберген. Олар соғыс алаңына тап болған. Ұсталғандар қателіктерін мойындады, сол себепті олар абақтыдан босатылды, деді прокуратура өкілі.

Бірақ Каджед қышлағының 28 жастағы тұрғыны өздеріне жала жапқанын айтып отыр. "Тергеу кезінде менен Сирияға қалай бардың деп сұрады. Мен бұл елді білмейтінімді айтты. Олар менің Сирияға барғанымды танысым айтты деді. Соған қарағанда біреу маған жала жапқан болуы керек. Бізді бір жылдай абақтыда ұстады", - деді Шамсиддин.

Биыл жазда ұсталғандардың ата-аналары мемлекет басшысы Эмомади Рахмоннан араша сұрады. Бірақ Бас прокуратура олардың Сириядағы әскери қимылдарға қатысқанына дәлел көп деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG