Ссылки доступа

Түркіменстан Иранға газ беруді тоқтатты


Қарызға байланысты екі ел арасында туындаған даудан кейін Түркіменстан Иранға газ беруді тоқтатты. Иран ұлттық газ компаниясының мәлімдеуінше, Түркіменстан газ компаниясы қол жеткізген келісімге қарамастан, тез арада қарызды төлеуді талап етіп, газ жеткізу желісін қиып тастаған.

Иран компаниясының мәлімдемесінде түркімен билігінің келісімді ашықтан-ашық бұзып отырғаны айтылады.

Онда екі ел қарыз бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр делінген. Түркімен билігі әзірге жауап қайтармады. Иран солтүстік аймағы үшін 1997 жылдан бері түркімен газын алып келеді. Қазіргі кезде газ экспортының көлемі 10 миллиард кубометр. Түркіменстан Иранның Қытай және Түркиядан кейінгі үшінші ірі сауда серіктесі.

Желтоқсан айында Тегеран түркімен билігі 1,8 миллиард доллар қарызды төлеуін талап етіп жатқанын мәлімдеген. Өткен аптада Mehr ақпарат агенттігі Иранның мұнай министрі Биджан Намдара Заганехтің сөздеріне сілтеме жасап, екі тарап уақытша келісімге келді деп хабар таратқан.

XS
SM
MD
LG