Ссылки доступа

ИМ Стамбулдағы шабуылды мойындарына алды


39 адамның қазасына себеп болған Стамбулда түнгі клубтағы шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойындарына алды деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Түркия билігі шабуылды жасады деген күдікпен сегіз адамның ұсталғанын хабарлады.

Қаңтардың 1-і күні түнде Стамбулдағы Reina клубына жасалған қарулы шабуылдан кемінде 39 адам қаза тауып, 70-ке жуық адам жараланған. Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мерт болғандар арасында 16 шетел азаматы бар деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG