Ссылки доступа

ЕАЭО елдерінде көліктерді "қауіпті хабарлау тетігімен" жабдықтау талабы күшіне енді


2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде көлік құралдарын "қауіпті хабарлау тетігімен" жабдықтау талабы күшіне енді.

Арнайы ереже күшіне енгенге дейінгі қолданыстағы көліктерге бұл талаптың қатысы жоқ.

"Қауіпті хабарлау тетігі" орналастырылған көлікте апат бола қалған жағдайда, арнайы қызметке хабар келісімен оқиға орнына арнайы бригада мен медициналық шұғыл жәрдем тобы жіберіледі.

Ресейдің өндіріс және сауда министрлігінің ақпараты бойынша, өткен жылдың 20 желтоқсанына қарай ЕАЭО-ға жеңіл көліктерін сататын негізгі маркалар LADA, Hyundai, KIA, Renault, Volkswagen, BMW, Mercedes, Porsche, Bentley, Rolls Royce және өзге көліктер "қауіпті хабарлау тетігін" толық орналастырған немесе аяқтауға жақын.

Үшінші елден көлік таситын жеке тұлғаларға қатысты да бұл талап орындалады. Сонымен бірге 2017 жылдың 1 қаңтарынан кейін ЕАЭО-ға кіретін көліктерде де оперативті жедел қызметті шақыратын жүйесі болуы шарт.

XS
SM
MD
LG