Ссылки доступа

Умар Сафи: ресейлік мамандар Тәжікстанда "Талибан" танкісін жөндейді


Кундуз провинциясының бұрынғы басшысы Умар Сафи тәлібтердің ауыр әскери техникаларын Тәжікстан аумағында ресейлік мамандар жөндеп жатыр деп мәлімдеді.

Пуштун тілінде хабар тарататын "Spogmai" радиосына ол соңғы екі жылда “Талибан” қозғалысы жаулап алған әскери техникалар мен танкілер Тәжікстанға жіберіледі, онда оларды ресейлік мамандар жөндейді деді. Жөндеу жұмыстарынан кейін оларды Ауғанстанға, "Талибанның" қарауына қайта жібереді деп хабарлады Умар Сафи.

Кундуздың бұрынғы басшысы аталған техникалардың көмегімен былтыр тәлібтер Тәжікстанмен шекарадағы провинцияны екі рет басып алды дейді.

Тәжікстанның шекара әскері бас басқармасының баспасөз хатшысы Мухаммаджон Улугходжаев бұл ақпаратты жоққа шығарып, билік бұл мәліметті тексеретінін айтты.

Өткен жылдың аяғында Ауғанстанның қауіпсіздік күшінің өкілдері “Франс-пресс” агенттігіне ауған-тәжік шекарасында тәлібтермен соғыста ресейлік қару-жарақ тәркіленгенін айтқан. Ал қараша айында Ресей президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Замир Кабулов «Анадолы» агенттігіне Мәскеудің "Талибан" қозғалысымен байланысы бар екенін растаған.

XS
SM
MD
LG