Ссылки доступа

Стамбулда түнгі клубтағы шабуылға қатысты 8 күдікті ұсталды


Түркия билігі сегіз күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Стамбулдағы түнгі клубта болған терактіні "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойындарына алды.

Танымал Reina клубына 1 қаңтарға қараған түні шабуыл жасалды. Белгісіз адамдар ғимаратқа кіріп оқ атқан. 39 адам қайтыс болып, 70-ке жуық адам жараланды.

Әзірге шетелдіктер арасында 28 жастағы Ресей азаматы Нуран Гасановтың қайтыс болғаны белгілі болды. Стамбулға келген туыстары марқұмның денесін таныған.

XS
SM
MD
LG