Ссылки доступа

Сирия оппозициясы келіссөзге дайындықты тоқтатты


Дүйсенбі күні 12 оппозициялық топ кіретін Сирияның азат армиясы бірлескен мәлімдеме жасап, қаңтар айының соңында Қазақстан астанасында жоспарланған (Түркия мен Ресейдің ара ағайындығымен) бейбіт келісімге қатысты жиынды өткізуді тоқтатуын талап етті.

Мәлімдеме авторлары оппозиция тарабы оқ атуды тоқтату келісімін орындап отыр, бірақ үкімет армиясы Вади-Барада мен Дамас шетінде әскери әуе шабуылдарын жалғастырып келеді дейді. Дәл осы аймақтар арқылы төрт миллион тұрғыны бар Сирия астанасына ауыз су жеткізіліп отыр.

Сириялық құқық қорғаушылардың мәліметінше, дүйсенбі күні Башар Асад армиясы ирандық "Хезболлах" тобының қолдауымен Айн әл-Фиджехтегі оппозицияны ығыстырды. Мұнда ауыз су қоры болған.

Сирия оппозициясына қолдау көрсететін Түркия әскері болса сейсенбі күні әл-Баб қаласында жиһадшылардың шабуылына тап болғанын хабарлады. Бұл аймақты "Ислам мемлекет" экстремистік тобы бақылайды.

XS
SM
MD
LG