Ссылки доступа

Сирияның солтүстігіндегі шабуылда 25 содыр мерт болған


Сирияның солтүстік өңіріндегі Идлиб провинциясына жасалған әуе шабуылынан "Әл-Нусра майданы" тобының 25 адамы мерт болған.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, Ресей немесе АҚШ жетекшілік ететін коалиция “Жабхат Фатех әл-Шамға” әуе шабуылын жасаған. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, қаза тапқандардың ішінде "Әл-Каида" ұйымынан шығып, өздері топ құрған ұйымның лидерлері бар.

Ресей мен Түркия аталған топтың мүшелері Сириядағы соғысты тоқтату жөніндегі келісімдегі тізімнен алынып тасталған.

Бірқатар оппозиция өкілдері де осы айда Қазақстанда өтетін бейбіт келісімге дайындықты тоқтататынын жариялады. Себебі олар Сирия үкіметі мен оның жақтастары бейбіт келісімді бұзып отыр деп санайды.

XS
SM
MD
LG