Ссылки доступа

Өзбек үкіметі "Камчик" өткелі арқылы жүк тасуға рұқсат береді


Өзбекстанның автомобиль және өзен көлігі агенттігі "Камчик" өткелі арқылы жүк тасуға рұқсат беретін үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлады жергілікті баспасөз.

Еске салсақ, 2016 жылы 1 шілдеде "Камчик" өткелі арқылы 15 жылдан асқан жүк көліктеріне жүк тасуға тыйым салынған. Соның нәтижесінде халықаралық тасымалмен айналысқан 10 мыңнан астам жүк көлігі тұрып қалды. Осындай шешім елде автомобиль қызметінің 20 пайызға қымбаттауына алып келді, соның салдарынан Ферғана даласынан тасымалданатын азық-түлік бағасы қымбаттады.

Сараптама жол қауіпсіздігінің автокөлік ескілігіне емес, оның көлеміне байланысты екенін көрсетті.

Аймақта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау мақсатында, жүк тасымалдаушылардың өтініштерін ескере отырып, үкімет шығарылу мерзімі 25 жылдан аспаған жүк көліктеріне 2017 жылы "Камчик" өткелі арқылы жүк тасуға рұқсат береді.

XS
SM
MD
LG