Ссылки доступа

Қазақстанның бірқатар облыстарында жол жабық


Сейсенбі күні кешке Астана - Көкшетау жолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды, деп хабарлады Қазақстаның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Боран мен автожолдың дұрыс көрінбеуінен Жезқазған — Петропавл жолы жабық тұр. Қостанай облысында Әулиекөл мен Жолдама елді-мекендерін байланыстаратын жол жабылды.

Павлодар облысында Павловка — Галицкое, Шақат — Шығыс — Шалдай жолдары жабық тұр, деп хабарлады ТЖК. Алматы облысында Талдықорған қаласы мен Қапал ауылын жалғастыратын автожол жабылды. Сарыөзек және Қоғалы елді-мекендерінің арасындағы жол да жабық тұр.

Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты Семей — Қайнар жолы жабылды.

XS
SM
MD
LG