Ссылки доступа

Тәжікстанның Таулы-Бадахшан тұрғындарына электр энергиясы үшін жеңілдік жасалды


Тәжікстандағы Таулы-Бадахшан автономды облысын электр энергиямен қамтамасыз ететін Pamir Energy компаниясы Швейцариядағы кеңсесінің қолдауымен тұрғындарға жеңілдік жасады.

Жоба аясында компания күз-қыс мезгілінде электр энергиясының төлемін азайтты. Наурыз айынан қараша айына дейін Pamir Energy ай сайын 360 кВт электр энергиясын ұсынады. Оның 10 пайызын тұтынушылар төлесе, қалған 90 пайызын компания жабады. Компания бұл үшін тек бір шарт қояды – аталған көлемдегі электр энергияны пайдалануды тұтынушылар бір айға жеткізу керек. Бұл субсидия деп аталады. Аталған электр энергия көлемінің құны 70 сомониға (шамамен 10 АҚШ доллары) тең.

Таулы-Бадахшан автономды облысы Рушан ауданы төрағасының орынбасары Маджид Маджидов бұл қолға алынған шара таулы аймақ тұрғындарының ауырпалығын жеңілдетеді. Бұл өңірде 300 мың адам тұрады.

Pamir Energy компаниясының қарамағында бүгінде 11 кіші және орта ГЭС бар. Ең ірісі - «Памир-1» және «Хорог» және 9 кіші ГЭС облыстың аудандарында орналасқан. Компания сонымен бірге Ауғанстанға да энергия экспорттайды.

XS
SM
MD
LG