Ссылки доступа

ЕЫҚҰ Донбас аумағына тұтастай бақылауды кеңейтпек


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жаңа төрағасы, Австрияның еуропалық, интеграциялық және сыртқы істер жөніндегі федералды министрі Себастьян Курц Донбастың барлық территориясына бақылау орнатуға ниеті бар екенін мәлімдеді.

Ол Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарында таза сайлау өту үшін тартыс аймағында атыс толығымен тоқтау керек деп атап өтті.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Себастьян Курц ұйымның мүмкіндіктерін бағалауға шақырды. ЕҚЫҰ-ға 57 ел-мүше кіреді. Шешім бірлесіп қабылданады.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин ЕҚЫҰ миссиясының бақылаушыларын Донбастың аумағына толығымен кіруге мүмкіндік беру керектігін айтты. Ол сонымен бірге Минск келісіміне қол жеткізу үшін Ресейге қарсы санкцияларды күшейту керек деп есептейді.

Киев осыған дейін Донбаста жергілікті сайлау өткізу үшін ЕҚЫҰ аумаққа уақытша тұтастай бақылау орнату керек, сайлаудан кейін екінші күні бақылауды украина әскеріне беру керек деп мәлімдеген. Донбастағы сепаратистер өкілі болса, ЕҚЫҰ полиция миссиясының бақылау енгізуіне қарсы, олар бұлай бола қалған жағдайда жаппай наразылыққа шығамыз деп қорқытып отыр.

XS
SM
MD
LG