Ссылки доступа

Тәжікстанда электр қуатының күндізгі лимиті алып тасталынды


5 қаңтардан бастап Тәжікстанның барлық аймағында электр қуатының күндізгі лимиті алып тасталынды. "Барки точик" холдингінің хабарлауынша, енді елдің барлық тұрғындары тәулігіне 17 сағат жарық тұтына алады.

Холдингтің баспасөз хатшысы Нозирджон Ёдгоридің айтуынша, 5 қаңтардан бастап ел тұрғындары сағат 5:00-ден 22:00-ге дейін электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Бұған дейін халық тәулігіне 12 сағат қана электр қуатын тұтына алатын.

Бірақ түнгі уақытта - сағат 22:00-ден 5:00-ке дейінгі лимит сақталады. Ал 15 қыркүйектен бастап ел аумағында лимит толықтай алып тасталынады.

"Барки точик" өкілдері лимиттің жұмсаруын өткен жылдың аяғында іске қосылған "Душанбе-2" жылу электр станциясымен түсіндірді. Оның қуаты - 400 МВт. Станция астаналық тұрғындардың 60 пайызын жарықпен қамтамасыз етеді.

"Душанбе-2" ЖЭС қытайлық "ТВЕА" компаниясы салды. Құны - 349 млн доллар, оның 17,4 миллионы – тәжік үкіметіне тиесілі.

XS
SM
MD
LG